ҚХП Көкшетауда ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді

Автор: Асыл Арман

Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат берілді

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясы Ақмола облыстық филиалының сайлауалды штабы Көкшетау қаласы мен өңір аудандарында сайлауалды науқан аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Штаб мүшелері арнайы белгіленген орындарға үгіт-насихат материалдарын орналастырып, тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратты.

«Біздің мақсатымыз – тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттары туралы ақпарат беріп, әр азаматтың саналы таңдау жасауына мүмкіндік беру», – делінген партияның хабарламасында.