«Ақ жол» партиясының өкілдері тұрғындармен бизнесті қолдау мәселесін талқылады

Автор: Асыл Арман

Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылды

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері Орал қаласындағы «Аяжан» сауда үйі маңында көшеде үгіт-насихат жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара барысында тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ел экономикасын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар түсіндірілді.

Көшедегі үгіт-насихат жұмыстары кезінде қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы қамтылған ақпараттық материалдар таратылып, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.