Ол ауруханада көз жұмды
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 8 тамыз күні тойдан кейін төбелес болып, салдарынан 26 жастағы қонақ ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жас жігіт ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол ауруханада көз жұмды.
Агенттік тілшісі қайғылы оқиға бойынша облыстық Полиция департаментіне сауал жолдады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – делінген ПД мәліметінде.