«Ауыл» партиясының кандидаттары Жамбыл Жабаев музейінің жұмысымен танысты

Автор: Асқарова Қарлығаш

Ал музей ұжымы мен жергілікті тұрғындар ауылдың дамуына қатысты ұсыныстары мен өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салды

Фото: видеодан скриншот

«Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылында орналасқан Жамбыл Жабаев музейінің жұмысымен танысты. Олар музей қызметкерлері мен келушілермен пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сапар барысында кандидаттар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған экспозициялармен, тарихи жәдігерлермен және архивтік материалдармен танысты. Музей ұжымы мен жергілікті тұрғындар ауылдың дамуына қатысты ұсыныстары мен өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымы мен әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелер сөз болды.

Айта кетейік, Жамбыл Жабаев музейі 1946 жылы ақын тұрған үйдің негізінде ашылған. Музей қорында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құжаттар, фотосуреттер және басқа да тарихи жәдігерлер сақталған.