«Ауыл» партиясының өкілдері Ақмола облысындағы агробизнес колледжіне барды

Автор: Асқарова Қарлығаш

Сапар барысында партия өкілдері оқу орнының басшылығы және педагогикалық ұжымымен пікір алмасты

Фото: видеодан скриншот

«Ауыл» партиясының өкілдері Ақмола облысының Астрахан ауылындағы Агробизнес және сервис колледжінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сапар барысында партия өкілдері оқу орнының басшылығы және педагогикалық ұжымымен пікір алмасты. Қонақтарға оқу аудиториялары, зертханалар мен өндірістік шеберханалар көрсетілді.

Жиында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, агроөнеркәсіптік кешенге қажетті мамандарды даярлау және саладағы кадр тапшылығы мәселелері сөз болды. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.

Кездесу барысында оқытушылар мен сала мамандары өз ұсыныстарын айтып, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау сапасын арттыруға қатысты пікірлерін білдірді.