Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы екпе салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Вакцина Аустралияда жасалған

Фото: ашық дереккөзден

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында коронавирусқа қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Вакцина салынған алғашқы қазақстандық - орталық директоры Қайсар Табынов. Препаратқа COVAX-19 атауы берілген. Аустралияда жасалған вакцина клиникалық сынаманың бірінші фазасынан өткен.  

«Бұл коронавирус пандемиясы басталғалы алғашқы жақсы жаңалық шығар. Яғни, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның пайда болуы. Бұл препараттарды жасаумен көптеген ғылыми ұжым, институт пен компания айналысады. Оның ішінде отандық вакцинамен біздің мамандар да жұмыс істеп жатыр. Қолдану үшін үлгілер дайын», - дейді телеарна тілшісі.

Айта кету керек, Қазақстанның жеке вакцинасын жасаумен Жамбыл облысы Отар ауылында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты айналысып жатқанын айтты.