Кездесуге келген жұртшылық ауылдың болашағына қатысты ұсыныстарын ортаға салды
ЖСДП-ның Маңғыстау облыстық филиалы Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер сөз болып, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар ауылдың болашағына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу барысында ЖСДП өкілдері партияның әлеуметтік саясат, азаматтардың құқықтарын қорғау және ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты ұстанымдарына тоқталды.
Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер алдағы жұмыс барысында ескерілетіні айтылды.