Олар көпқабатты үйлерді аралап, тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат берді
Павлодарда ЖСДП белсенділері «есіктен есікке» акциясы аясында көпқабатты үйлерді аралап, тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Партия өкілдері тұрғындарға бағдарламаның негізгі бағыттары жазылған ақпараттық материалдарды таратты. Сонымен қатар тұрғындармен тікелей сөйлесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. ЖСДП атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Роза Жүсіпованың айтуынша, мұндай формат тұрғындарға партияның ұсыныстарымен тікелей танысуға мүмкіндік береді.
«Біз үшін тұрғындардың ақпаратты тек үгіт материалдарынан емес, партия өкілдерінен тікелей алғаны маңызды. «Үйден үйге» форматы тұрғындармен ашық сөйлесіп, олардың сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік береді», – деді Роза Жүсіпова.
Акция барысында тұрғындар сайлауалды бағдарламаға қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.