Партия мүшелері кәсіпорын ұжымының ұсыныс-пікірлерін тыңдады
Үгіт-насихат науқаны аясында «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Серікхан Қажиев «Ибраев +К» кәсіпорнына барып, еңбек ұжымымен жолықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды.
Серікхан Қажиев экологияны қорғау мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру ортақ міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпорын ұжымының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, экологиялық мәселелерді шешуде ашық диалог пен бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.