Біржан сал, Жақсы, Ақкөл және Егіндікөл аудандарында құрғақ өсімдіктердің тұтануы тіркелді
Ақмола облысының Біржан сал, Жақсы, Ақкөл және Егіндікөл аудандарында құрғақ өсімдіктердің тұтануы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, ерікті «Ауыл құтқарушылары» құрылымдары, Степногорск КММ және «Алтай» шаруа қожалығының шұғыл әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында барлық өрт ошағы толығымен жойылды.
Өрттің елді мекендерге қауіп төндірмегені анықталды. Жалын 98 гектардан астам аумақты шарпыған. Алдын ала болжам бойынша, өртке тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы және қауіпсіздік талаптарын сақтамауы себеп болуы мүмкін.
Ақмола облыстық ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Төтенше жағдай болған жағдайда, 101 немесе 112 нөмірлеріне дереу хабарласу қажет.