2008 жылы туған екі жасөспірім Бұтақты сарқырамасы маңында серуендеп жүрген
Алматының Медеу ауданында құтқарушылар тауда адасып кеткен екі жасөспірімді тапты. Қалалық Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мамандары сәтті құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2008 жылы туған екі жасөспірім Бұтақты сарқырамасы маңында серуендеп жүріп, қараңғы түскен соң белгіленген туристік соқпақтан адасып қалған. Кері қайтар жолды өз бетінше таба алмаған соң, оларға шұғыл көмек қажет болды.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жасөспірімдерді жедел тауып, Экобекетке дейін қауіпсіз жеткізді. Олар ата-аналарына аман-есен тапсырылды, медициналық көмек талап етілген жоқ.
Мамандар тауға шығуды жоспарлаған азаматтарға сақтық шараларын сақтауды ескертеді.