Ол дәрігерлерге алғыс айтты
Танымал «МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты кенеттен ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде жатып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлап, Шымкентте өтуі тиіс ән кешіне бара алмай қалғанын жеткізді. Дәрігерлердің шұғыл ем-дом көрсетуінің арқасында жағдайы тұрақталып, ол палатаға ауыстырылған.
«Бүгін Шымкентке ән кешке баруым керек еді, жүрек қан тамырларының бітеліп, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Ұжымға мың алғыс. Дұғада болайық», - деп жазды Кенжебек Жанәбілов.
Әншінің бұл жазбасынан кейін әріптестері мен тыңдармандары желіде ақ тілектерін жаудырып, тезірек сауығып кетуін тіледі.