Жиында отандық өндірісті қолдау, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды
Құрылтай депутаттығына сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының штаб мүшелері Қарасай ауданындағы макарон өнімдерін шығаратын «ANSAR FOODS» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұмыс сапары барысында кәсіпорын қызметкерлері партия төрағасы Дания Еспаеваға гүл шоғын табыс етіп, құрмет көрсетті.
Штаб мүшелері ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп отырған өндіріс орнының жұмысымен танысып, еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Жиын барысында отандық өндірісті қолдау, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек адамының құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту және қолайлы іскерлік орта қалыптастыру сияқты маңызды тақырыптарға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қызметкерлер өндіріс секторын дамытуға, мемлекеттік қолдау мен еңбек жағдайына қатысты өз сауалдарын қойды. Партия өкілдері көтерілген мәселелерге жан-жақты жауап беріп, өндіріс секторымен алдағы уақытта да тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге уағдаласты.