Шымкентте Respublica партиясының бастамасымен ReTalks жобасының кезекті кездесуі өтті

Кездесу еркін сұхбат форматында өтті

Шымкентте Respublica партиясының бастамасымен ReTalks жобасының кезекті кездесуі өтті
Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Басқосуға кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, қоғам белсенділері, жастар және партия жақтастары қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ReTalks - ойы ортақ, мақсаты бір азаматтардың басын қосатын ашық пікір алаңы. Кездесу барысында қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту, ел алдында тұрған өзекті сын-қатерлер, жастардың қоғамдағы орны, жаңа технологиялардың мүмкіндігі мен бастамашыл азаматтардың рөлі төңірегінде еркін пікір алмасты.

Спикерлер өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жетістікке жету жолындағы ізденістері, кездескен қиындықтары мен қабылдаған маңызды шешімдері туралы әңгімеледі. Олар көшбасшылықтың мәні тек лауазымда емес, жауапкершілікте, табандылықта және елге қызмет етуге деген ниетте екенін атап өтті.

Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ашық пікір білдіріп, ой бөлісуге мүмкіндік алды. Осындай шынайы әңгіме мен өзара сенімге құрылған қарым-қатынас ReTalks жобасының басты ерекшелігіне айналып келеді.

Respublica партиясының өкілдері ReTalks – жай ғана кездесу емес, елдің ертеңіне бейжай қарамайтын азаматтардың пікір тоғысатын, тың идеялар туындайтын және нақты бастамаларға жол ашылатын орта екенін атап өтті.