Respublica партиясының «Шымкентмай» АҚ-да болды

Respublica өкілдері отандық тауар өндірушілерді қолдау партияның басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін жеткізді

Respublica партиясының «Шымкентмай» АҚ-да болды
Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Respublica партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қазақстандағы ең көне кәсіпорындардың бірі - 80 жылдан астам тарихы бар «Шымкентмай» АҚ-да болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгінде зауыт отандық шикізаттан 130-ға жуық өнім түрін шығарып, оны әлемнің ондаған еліне экспорттап келеді.

Құрылтай депутаттығына кандидат Нұргүл Тау партияның заң шығару бағытындағы нәтижелеріне тоқталды.

«Өткен шақырылымда небәрі алты депутатымыз болса да, қазақстандықтардың өміріне оң әсер еткен көптеген бастаманы жүзеге асырдық. Соның бірі соңғы үш жылда 75 жаңа студенттік жатақхана салынып, тағы 100 жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілді», – деді ол.

Кандидаттар Әдия Әлімбаева мен Анар Төлеубаева цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналуы тиіс екенін атап өтті. Олардың айтуынша, бүгінгі таңда экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен азаматтардың өмір сапасын айқындайтын негізгі факторлардың бірі заманауи технологиялар.

Respublica өкілдері отандық тауар өндірушілерді қолдау партияның басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін жеткізді. Заңнамалық бастамалар өндірістің дамуына, экспорт көлемінің артуына, кәсіпорындарды жаңғыртуға және бизнеске қойылатын әкімшілік кедергілерді азайтуға қолайлы жағдай жасауы қажет.