Пікір алмасу ауылдық аумақтарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында өрбіді
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылдық округінде «Ауыл» партиясы өкілдерінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен ашық диалог өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиын барысында қатысушыларға 23 тамызда өтетін сайлаудың маңызы түсіндіріліп, партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтар таныстырылды. Пікір алмасу ауылдық аумақтарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында өрбіді.
Шара соңында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған мәселелерді жеткізді.