Кездесу барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды
Семей қаласында «Ауыл» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабының басшысы Қайрат Смағұлов пен Құрылтай депутаттығына үміткер Балнұр Ахметова KondiZ кондитерлік фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму мен кәсіпкерлікті қолдауға қатысты бастамаларды таныстырды.
Сондай-ақ қатысушылармен пікір алмасып, алдағы сайлау науқаны туралы ақпарат берілді.