ЖСДП кандидаты Тараздағы ұстаздармен білім беру және әлеуметтік мәселелерді талқылады

Автор: Асқарова Қарлығаш

Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ержан Дауренбековтің педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді

Фото: видеодан скриншот

Тараз қаласындағы №24 гимназияда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына үміткер, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының  Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ержан Дауренбековтің педагогикалық ұжыммен кездесуі өтті,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен әлеуметтік қолдау тетіктері сөз болды. Ержан Дауренбеков партияның білім жүйесін дамыту, еңбек құқықтарын қорғау және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған ұстанымдары туралы айтты.

Өз кезегінде мұғалімдер білім саласына қатысты ұсыныстарын ортаға салып, әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету және еңбек өтіліне қарай мерзімінен бұрын зейнетке шығу мәселесіне қатысты пікірлерін жеткізді.

Кездесу соңында қатысушылар көтерген ұсыныстар мен пікірлердің алдағы жұмыс барысында қарастырылатыны айтылды.