Олар маңызды мәелелерді талқылады
Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Алтай Ордабеков Шымкент қаласын аралап, сайлаушылармен кездесуді жалғастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Қаратау ауданындағы Нұртас шағын ауданына барып, Ұшқыштар көшесінде тұратын тұрғындармен бетпе-бет жүздесті.
Кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, халықпен ашық пікір алмасты. Кездесуде тұрғындар күнделікті өмірде кездесетін біраз мәселені көтерді. Атап айтқанда, көшені абаттандыру, жол сапасы, жарықтандыру, балалар ойын алаңдарының жай-күйі, қоғамдық көлік қатынасы мен тазалық мәселесі.
Алтай Ордабеков айтылған түйткілдер назарға алынатынын айтып, әр пікір мен ұсыныс партияның алдағы жұмысында ескеріледі деді.
Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып, жергілікті жердегі өзекті мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді.