Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры пара берді деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

ЖОО басшысы ғылыми жобаларына БҒМ тарапынан қаражат бөлдіру үшін осындай қадамға барған болуы мүмкін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ректорының үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оған пара берді деген айып тағылуда деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі, агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу орнының басшысы ҚР БҒМ-ге қарасты «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасына 5 мың доллар көлемінде пара берді деген күдікке ілініп отыр. Осылайша ректор ғылыми жобаларын қаржыландырғысы келген дейді агенттік өкілдері.

Бұған дейін «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы да пара алды деген айыппен ұсталған болатын. Оның үстінен әліге дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.