«40 млн теңге ұтылып қалыпты»: Мадлен Айжан Байзақованың інісі жайлы шындықты жайып салды (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол Қапшағайда екі көлігін бәске тіккен

Фото: видеодан скриншот

«Мадлен» лақап атымен танымал блогер Мадинахон Мамадалиева алғаш рет сұхбат берді. Ол Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақовпен қарым-қатынаста болған кездері жайлы ашық айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен сол кезде соңғы ақшама пәтер алып, жөндеу жұмысын жасап жаттым. Карантин кезі еді. Ол маған сол жағдайда қатты көмектесе алмаса да, оған қатты сенетінмін. Бір күні ештеңе жазбай қойды. Өзім жазсам, оған бармай тұр. Бірдеңе дұрыс емес екенін сезіп, Айжанға хабарластым. Әлихан қайда деп сұрасам «рехабта» дейді. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Казинода 40 млн теңге ұтылып қалыпты», - дейді Мадлен.

Блогер көп ақшасы жоқ кезде осындай қаржыны қалай ұтылып қалғанына сенбегенін айтады.

«Мен түнде ұйықтап жатқан кезде ол да үйінде деп ойлайтынмын. Ал түнде ол Қапшағайға барып, екі көлігін ойынға тігіп ұтылып қалыпты. Мен оның құмар ойындарға тәуелдігін білмеппін», - деді блогер.