Киотодағы Азия чемпионатында ескек есушілер екі алтын медаль жеңіп алды

Автор: Асқарова Қарлығаш

Ел қоржынына алғашқы алтындарды Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков салды

Фото: olympic.kz

Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев байдаркамен 3400 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды. Ал Полат Төребеков каноэмен 3400 метр қашықтықтағы жарыста қарсыластарынан озып шығып, чемпиондық атақты жеңіп алды.

Осылайша, қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын медальдарды салды.