Қазақстан Халық партиясының өкілдері әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысын көрді
Қазақстан Халық партиясы Ақмола облыстық сайлауалды штабының өкілдері сайлауалды науқан аясында «Қамқорлық» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, мекеменің қызметімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгінде орталықта 350-ден астам қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Сапар барысында штаб өкілдері орталықтың жұмысымен, арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу барысымен, мамандардың кәсіби қызметімен және қызмет алушылар үшін жасалған жағдайлармен танысты. Орталықтағы жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, ұжымның кәсібилігі, әрбір қызмет алушыға көрсетілетін қамқорлық пен жанашырлық ерекше әсер қалдырды. Бұл – әлеуметтік қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанының және адамға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Орталықтың жұмысымен танысқаннан кейін еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, әлеуметтік саясатты дамыту, еңбек адамын қолдау, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар таныстырылды.