«Ақ жол» партиясы Қостанай облысында еңбек ұжымымен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

Сол сияқты экономиканың дамуын жетілдіру, өндіріс пен қызмет көрсету салаларының тепе-теңдігін сақтау мәселелері қозғалды

«Ақ жол» партиясы Қостанай облысында еңбек ұжымымен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы «Ұлан» ЖШС және «Нұр-Айгер-СК» ЖШС ұжымдарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында Құрылтай депутаттығына кандидат Александра Серғазинова мен сайлауалды штаб мүшесі Лейла Балғабаева экономиканы ырықтандыру, әртараптандыру, цифрландыру және технологияландыру, экономиканың дамуын жетілдіру, өндіріс пен қызмет көрсету салаларының тепе-теңдігін сақтау мәселелері туралы айтты.

Сондай-ақ, кездесуде квазимемлекеттік сектордың көлемін қысқарту, оның есептілігін арттыру және адал бәсекенің нарықтық қағидаттарын енгізу мәселелері талқыланды.