Әлемдік мұнай нарығына әсер ететін келісім: Иран мен Оман мәмілеге жақындады

Автор: Аягөз Құрмаш

Ормуз бұғазы арнайы шарттар орындалғаннан кейін ғана толығымен ашылады

Фото: istockphoto.com

Иран мен Оманның Ормуз бұғазы бойынша келісіміне қол жеткізуге аз қалды, бірақ бұғазды толық ашу үшін нақты шарттардың орындалуы талап етіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади Оманмен келісімге келгенін айтты.

«Мен біз талқылаған барлық дерлік мәселе бойынша Оманмен түбегейлі өзара түсіністікке қол жеткізгенімізді хабарлай аламын», - деді ол.

Гарибабади Тегеран мен Маскат келісімге келуге барынша жақындағанын атап өтті.

Сонымен қатар ол бұл келісім бұғаздың автоматты түрде ашылуын білдірмейтінін, өйткені негізінен АҚШ-тың Иранға қатысты әрекеттеріне байланысты «арнайы шарттарды» орындау әлі де талап етілетінін айтты.