«Байтақ» партиясы Мұқыры ауылында экотуризм мен ауылды дамыту мәселелері талқыланды

Автор: Аягөз Құрмаш

Кездесу барысында тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланды

Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» жасылдар партиясы Жетісу облысының Көксу ауданындағы Мұқыры ауылына арнайы бар. Партия өкілдері елді мекен тұрғындарымен жүздесіп, сайлауалды бағдараламаның негізгі бағыттарын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиынға Құрылтай сайлауына кандидат Темірлан Файзулин мен жасылдар партиясының республикалық штаб өкілі Батыржан Сейдомар қатысты.

Сондай-ақ өңірдің табиғи әлеуетін тиімді пайдалану, экологиялық туризмді дамыту, ауыл экономикасын нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамалар сөз болды.

Қатысушылардың пікірінше, экотуризм – табиғатты сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етеді.