«Музыканы ақырын қойыңызшы»: Астанада клиенттің талабын орандамаған InDrive жүргізушісі сынға қалды (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол отадан кейін шықан әйелдің өтінішін естімегендей болған

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Астана қаласында болған кезекті такси дауы қызу талқыланып жатыр. Отадан соң үйіне қайтып бара жатқан жолаушы қыз мен InDrive жүргізушісі арасындағы жанжал желі қолданушыларын екіге жарды. Бірі «Қызмет көрсету салты сақталмады» десе, екіншілері «Жолаушының өзі бұйрық беру арқылы ашуға тиді» деп айыптап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео авторының айтуынша, ол отадан соң өзін жайсыз сезініп, жүргізушіден қатты шығып тұрған музыканы өшіруді немесе бәсеңдетуді бірнеше рет өтінген. Процедурадан кейін басы ауырып, мазасы қашқан азаматшаның бұл өтінішін жүргізуші елеусіз қалдырып, тіпті әдейі эмоцияға шығарған. Амалсыз қалған жолаушы болған жайтты камераға түсіріп, желіге жүктеуге мәжбүр болған.

Видеоның астында мыңдаған пікір жазылып, тұтынушылық мәдениет пен таксистердің әдебі туралы үлкен дау басталды.

Желі қолданушыларының басым бөлігі сервистің сапасыздығын және жүргізушілердің өз міндетін ұмытып кететінін алға тартып жатыр.

«Музыканы басу немесе өшіру – қарапайым әдептілік. Жүргізуші тегін емес, ақшаға қызмет көрсетіп тұр. Олар қай кезде өздерінің қызмет көрсету саласында жүргенін түсінеді? Енді бірі бұрын өз басынан өткен жағдайды еске алып: «Маған да бір таксист «бұл менің машинам, не істегім келсе соны істеймін» деп жол ортасынан түсіріп кеткен. Сонда тегін тасып жүр ме?» - дейді ол.  

Сонымен қатар, кейбір қолданушылар қыздың отадан кейінгі түрін көрсетіп видео түсіргенін «хайп» деп бағалаған, «Бұрын адамдар отадан кейінгі күйін көрсетуге ұялатын, қазір бәрін желіге салады» деген олар.