ЖСДП жастар қанаты Павлодарда ақпараттық акция өткізді

Автор: Асқарова Қарлығаш

Іс-шара барысында белсенділер тұрғындарымен пікір алмасты

Фото: видеодан скриншот

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның  жастар қанатының өкілдері Павлодар қаласында ақпараттық акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара барысында белсенділер қала тұрғындарына партияның ақпараттық материалдарын таратып, тұрғындармен пікір алмасты.

«Біз үшін қала тұрғындарымен тікелей сөйлесу, олардың пікірін тыңдау және атқарып жатқан жұмысымыз туралы айту маңызды. Мұндай іс-шаралар жастарды елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға ынталандырады», – деді ЖСДП жастар қанатының мүшесі Шәміл  Шәріппай.