«Ақ жол» партиясының өкілдері «Батыс Су Арнасы» мекемесінің ұжымымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері «Батыс Су Арнасы» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Іс-шара барысында ұжым мүшелеріне партияның үгіт-насихат материалдары таратылып, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.