Тамыз айында Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатыны жарияланды

Автор: Асыл Арман

Мамандардың болжамы белгілі болды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

«Қазгидромет» РМК тамыз айында қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін екенін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 2026 жылдың тамыз айының нақты болжамы бойынша атмосфералық құрғақшылық күтіледі:

  • Батыс Қазақстан облысының Бөкей Орда және Жәнібек аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;
  • Атырау облысы Құрманғазы ауданында;
  • Алматы облысының Балқаш ауданында;
  • Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандарында;
  • Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандарында;
  • Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады.