Саудагерлер өз ұсыныстарын жеткізген
Өткен демалыс күндері «Байтақ» жасылдар партиясының Шымкент қалалық филиалы базарларды аралап, халық арасында үгіт-насихат жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Партияның әйелдер кеңесінің төрайымы Жанат Калметова мен партия белсендісі Клара Байбақова саудагерлер мен қарапайым тұрғындарға саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағытын түсіндірді.
Сатушыларға партияның белгісі таңбаланған бешпет пен кепка сыйлап, пікір алмасты. Тұрғындар өздерін алаңдатқан түйткілді ортаға салып, ұсыныстары мен пікірін жеткізді.
Партия өкілдерінің айтуынша, халық көп жиналатын қоғамдық орындардағы мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатуға, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдауға және өңірдегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.