Жұмыс учаскесінің ұзындығы – 400 метр
Астанада Алаш тасжолында салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысын орнату жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты, 5-25 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жұмыс учаскесінің ұзындығы – 400 метр. Бұл ретте көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», – делінген ведомство хабарламасында.