Кездесуде әлеуметтік мәселелер талқыланды
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында Қарағанды қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шараға Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Халел Мақсұтов пен Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық филиалы Жастар қанатының өкілі Төлеген Алтынмұрат қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының «Ел байлығы – халық игілігіне!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Қатысушылар аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.