Олар әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады
«Ақ жол» демократиялық партиясының Павлодар облыстық сайлауалды штабының мүшелері Еңбек ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партия өкілдері партия қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, ауыл тұрғындарын сайлауалды бағдарламамен таныстырды және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Талқылаудың негізгі тақырыптары әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау шаралары болды.