Шымкентте құрылысы жүріп жатқан нысаннан өрт шықты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Өрт сөндірушілер салынып жатқан нысандағы өртті оқшаулады

Фото: Видеодан скрин

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Дулати көшесінде салынып жатқан нысанның сегізінші қабатында ағаш қалыптар өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде өрт қарқынды түрде өршіп, сегізінші қабатта ашық жалын байқалды. Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді.

Қатты желдің салдарынан өртті сөндіру жұмыстары күрделене түсті. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жалынның басқа қабаттарға таралуына жол берілген жоқ.

«Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.