Қайғылы оқиға 20 шілде күні болған
Өскеменде 20 шілде күні Ертіс көпірінен секіріп кеткен ер адамды іздеу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ер адамның мәйітін Прапорщиково ауылы маңындағы өзеннің сағасынан, оқиға болған жерден 21 шақырым қашықтықтан тапты.
Марқұм 1982 жылы туған. Ол жоғалған сәттен бастап құтқарушылар күн сайын іздеу жұмысын жүргізіп, дрондар мен жүзу құралдарын пайдаланып, жақын маңдағы аумақтардың жағалауын тексерген.
Мәйітті тапқанға дейін сүңгуірлер 26 рет суға түскен.