Астанада көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

Автор: Асқарова Қарлығаш

Өрт кезінде құтқарушылар қыз баланы аман алып шықты

Фото: видеодан скриншот

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Қабанбай батыр даңғылындағы 15 қабатты тұрғын үйде болған. Оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері ғимаратты қалың түтін басқанын анықтап, бірден өртті сөндіруге кіріскен. Құтқару жұмысы барысында түтінге толған бөлмеден 2002 жылы туған қыз қауіпсіз жерге шығарылды.

Сонымен қатар өрт сөндірушілер жалынның тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарына таралуына жол бермей, өртті толықтай сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.