Астанада ЭКСПО-ның жанында ер адамды көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Жол-көлік оқиғасы Т. Рысқұлов көшесінде болған

Фото: Видеодан скрин

Астанада Chevrolet Cobalt жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасы Т. Рысқұлов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамға жол бермей, оны қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.