Respublica Қызылордадағы вагон жөндеу депосының ұжымымен кездесті

Автор: Аягөз Құрмаш

Бүгінде Қазақстанда 9 миллионға жуық адам еңбек етсе, соның 4,5 миллионы жеке секторда жұмыс істейдіч

Фото: Respublica

Respublica партиясының республикалық сайлауалды штабы Қызылорда облысындағы жұмысын жалғастырып, «Марал-Нұр» ЖШС-нің жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоғары технологиялық кешенінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ашық форматта өткен жүздесуде отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және ел экономикасына серпін беретін заңнамалық бастамалар сөз болды.

Құрылтай депутаттығына кандидат Олжас Жүнісов өзі де жекеменшік колледжді басқаратынын айтып, кәсіп ашып, оны дамыту оңай жол емес екенін атап өтті.

«Партиямыздың басым бөлігі – кәсіптен шыққан азаматтар. Бизнесті нөлден бастап құрдық, салықтың да, тексерістің де, кадр тапшылығының да, өндірісті дамытудың да қиындығын бастан өткердік. Бүгінде Қазақстанда 9 миллионға жуық адам еңбек етсе, соның 4,5 миллионы жеке секторда жұмыс істейді. Сол азаматтардың үні Құрылтайда естілуі керек. Сондықтан сіздердің қолдауларыңыз біз үшін маңызды», – деді Олжас Жүнісов.

Құрылтай депутаттығына кандидат Екатерина Смолякова отандық өндірісті заңнамалық тұрғыдан қолдау – партияның басты басымдықтарының бірі екенін айтты.

«Сіздер секілді кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп, өндіріс көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуы үшін ең алдымен сапалы заңдар қажет. Respublica дәл осы мақсатпен құрылған партия. Партия жетекшілерінің басым бөлігі кәсіптен келген, сондықтан кәсіпкерлердің мәселесін жақсы біледі және олардың мүддесін Құрылтайда қорғауға дайын», – деді ол.