Respublica партиясының мүшелері Қызылордадағы еңбек ұжымымен кездесті

Автор: Аягөз Құрмаш

Өндіріс пен кәсіпкерлікке деген көзқарас өзгеріп келе жатыр

Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Respublica партиясының сайлауалды штабы Қызылордадағы «Мелиоратор» ЖШС ұжымымен кездесті. Құрылтай депутаттығына кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерімен жүздесіп, өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамын әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрылтай депутаттығына кандидат Жалын Жайнарбай бүгінде елдегі өндіріс пен кәсіпкерлікке деген көзқарас өзгеріп келе жатқанын айтты.

«Бүгінгі кәсіпкерлер тек бизнесті дамытумен ғана шектелмейді, қоғам алдындағы жауапкершілікті де сезінеді. Бұған партиямыздың көшбасшыларының өзі үлгі. Сырымбек Тау жыл сайын 10 миллиард теңгеден астам салық төлейді. Ал Айдарбек Қожаназаров өз кәсіпорындарында өңірдегі ең жоғары жалақының бірін төлеп отырған жұмыс берушілердің қатарында. Бұл – әлеуметтік жауапкершіліктің нақты көрінісі», – деді ол.

Сондай-ақ ол еңбек адамының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.