4 тамызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі
4 тамызға Астанада және Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Жекелеген өңірлерде аптап ыстық сақталады. Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Облыстың батысында төтенше, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ және желдің күшеюі күтіледі. Батысында, шығысында және орталығында жоғары, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ күтіледі.
Павлодар облысында түнде облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі болжанады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында түнде облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады, шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болжанады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше, батысында, солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, орталығында аздаған жаңбыр күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай, батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және желдің күшеюі болжанады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыс бойынша жоғары, ал оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Өскеменде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз ауа температурасы 35 градусқа жетеді.
Абай облысында түнде солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады. Шығысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жетіп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстігі мен таулы аймақтарында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта түнде және таңертең жаңбыр мен найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі.
Жетісу облысында облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз таулы жерлерде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары, солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Таулы жерлерде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Облыс бойынша төтенше, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында түнде облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады. Облыс бойынша төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Екі қалада да төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады, шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болып, жел күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігінде жоғары, жалпы облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары, ал батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.