«Ақ жол» партиясы Kostanay Plaza СОО-да ақпараттық-насихат акциясын өткізді

Автор: Асыл Арман

Акция барысында тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Фото: «Ақ жол» партиясы

Қостанай облысында «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының өкілдері мен еріктілері Kostanay Plaza сауда-ойын-сауық орталығында ақпараттық-насихат акциясын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Акция барысында тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат материалдары таратылды. Сонымен қатар келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, партия өкілдерінен жауап алды.

Кездесу соңында азаматтар алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырылды.