Павлодар облысында ҚХП өкілі жазғы шаңғы жарысының ашылу салтанатына қатысты

Автор: Асыл Арман

Кездесу барысында жаттықтырушылардың еңбегі ерекше аталып өтті

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Құрылтай депутаттығына кандидат, Железин аудандық мәслихатының депутаты Евгений Миронов Павлодар облыстық жазғы шаңғы жарысының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол жарысты тамашалау үшін ғана емес, Железин ауданынан келген жас шаңғышыларға қолдау білдіріп, оларға сәттілік пен өз күшіне сенім тілеу үшін барды.

Кездесу барысында жаттықтырушылардың еңбегі ерекше аталып өтті. Әрбір жарыс пен әрбір жетістіктің артында олардың күнделікті еңбегі, төзімі және балалардың бойына жігер мен мінез қалыптастырудағы қажырлы жұмысы жатыр.

Балалар және бұқаралық спортты қолдау Қазақстан Халық партиясының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.