«Байтақ» кандидаттары Ұлттық ғылыми медицина орталығында

Автор: Аягөз Құрмаш

Қатысушылар өзара пікір алмасты

Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Сәуле Қамытбекова мен Айгүл Әбдуәлиева «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» ұжымымен кездесті. Ауқымды шараға мыңға жуық адам қатысты. Оның 60-қа жуығы офлайн режимде, ал қалғаны онлайн қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Экологияны қорғау, тұрақты даму, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері мен экологиялық қауіпсіздіктің маңызы сөз болды.

«Ұлттық ғылыми медицина орталығының» басқарма төрағасы Абай Байгенжин денсаулық сақтау саласында экологиялық тәсілдерді енгізудің маңызын атап, Каспий өңірі мен Арал маңындағы экологиялық ахуалдың өзектілігіне тоқталды.

Қатысушылар өзара пікір алмасты. Қызықтырған сұрақтарға жауап алды.