Кездесуде білім саласына қатысты бастамалар таныстырылды
Құрылтай депутаттығына үміткер Еркін Әбдиев Жамбыл облысы Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында Байзақ ауылындағы С.Абланов атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Сондай-ақ білім беру саласының өзекті мәселелері, әлеуметтік әділеттілік, еңбек құқықтарын қорғау және төрт күндік жұмыс аптасына көшу бастамасы сөз болды.
Кездесу барысында ұстаздар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, білім саласын дамытуға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.