Қазақстан Халық партиясы БҚО-да емхана ұжымымен кездесу өткізді

Автор: Асыл Арман

Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сайлауалды науқан аясында №4 қалалық емхана ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында филиал өкілдері қызметкерлерді партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, басым міндеттері туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелерді талқылауға және бағдарламалық бастамаларды іске асыру барысында азаматтардың ұсыныс-пікірлерін ескеруге мүмкіндік береді.