Respublica партиясы Жезқазғанда жастар бастамаларын қолдады

Автор: Аягөз Құрмаш

Мамандық таңдаудан өңірді дамытуға дейін сөз болды

Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Жезқазған қаласындағы Мансап орталығында Respublica партиясының республикалық сайлауалды штабының кандидаттары жергілікті жастармен арнайы кездесу өткізді, хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиын барысында болашақ мамандықты дұрыс таңдау, өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері, өңірдің әлеуметтік-экономикалық келешегі, сондай-ақ жас кәсіпкерлерге арналған алғашқы қадамдар мен қолдау тетіктері кеңінен талқыланды. Еркін форматында өткен сұхбатта жастар өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Кездесудің басты түйіні елдің жарқын болашағы сапалы білім алып, адал еңбек етуге және туған өңірінде өз идеяларын жүзеге асыруға ұмтылған белсенді жастардың қолында екендігінде.