«Байтақ» партиясының Ақтаудағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Ақтау қаласындағы «Байтақ» жасылдар партиясының еріктілері сайлауалды науқанға белсене қатысуды жалғасып жатыр
Олар тұрғындарды сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстыра отырып, партияның үгіт-насихат материалдарын қаладағы арнайы бөлінген ақпараттық тақталарға орналастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай жұмыс азаматтарға «Байтақ» партиясының қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамалары туралы толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік береді.
«Еріктілердің белсенділігі сайлауалды науқанның маңызды бөлігі. Олар тұрғындармен диалог орнатуға және партияның негізгі қағидаттары мен басымдықтарын жеткізуге көмектеседі. Әрбір адамның қосқан үлесі ортақ мақсатқа жетуге ықпал етеді», — деп атап өтті филиал төрағасы Аллаберген Қонарбаев.
«Байтақ» партиясының сайлауалды штабы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыра отырып және қоғамдық шараларды ұйымдастыра отырып, Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесулерді әрі қарай да өткізуді жоспарлап отыр.