Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, суық ауа массаларымен толығатын циклон еліміздің көптеген өңірлеріне жаңбыр мен найзағай алып келеді. Солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
«Жауын-шашынмен бірге ауа температурасының төмендеуі де күтіліп отыр. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 22-27°С шамасында болады. Ал елдің шығысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, ауа температурасы 33-38°С-тан жайлы 27-32°С-қа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.