Астанада жас жігіт саябақта досын туған күнімен құттықтап, салют атқаны үшін қамауға алынды

Автор: Асыл Арман

Ол бес күнін қамауда өткізетін болды

Фото: istockphoto.com

Астанадағы «Триатлон» саябағында 19 жастағы жас жігіт досын туған күнімен ерекше құттықтағысы келіп, саябақ аумағында пиротехника атқан. Алайда бұл әрекеті әкімшілік жауапкершілікке әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Соттың шешімімен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

«Астана қаласының Полиция департаменті белгіленген талаптарды бұза отырып қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін ескертеді. Мереке қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс», – делінген ПД хабарламасында.